ҚР Ұлттық мұражайының зерттеушілері үлкен олжаға кенелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ұлттық мұражайының зерттеушілері үлкен олжаға кенелді

15.08.2014
ҚР Ұлттық мұражайының зерттеушілері үлкен олжаға кенелді

Екі аптадан бері ҚР Ұлттық мұражайының ғылыми қызметкерлері Солтүстік Қазақстандағы Ботай қонысын зерттеді. Осы уақыт аралығында зерттеушілер екіжақты өңделген, шақпақтастан жасалған пышақ, тегістеліп жылтыратылған тас балта, найзаның ұшы, сабы қысқа найзаның садағын тапқан.

Олжа көшпелі қазақ жерінде құрал-саймандар мен қару-жарақтың пайдаланылғандығының классикалық үлгісі, деп хабарлайды astana.kz ҚР Ұлттық мұражайына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, қазба жұмыстары барысында аттың сүйектері, ботайлықтардың еңбек құралдары, күнделікті тұрмыста қолданған заттары мен бұйымдары табылған. Сонымен қатар зерттеу барысында қоныстанған жерге жақын 2 жерлеу құрылысы анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 1-тамызда ҚР Ұлттың мұражайының ғылыми қызметкерлері тарихта алғаш рет археологиялық экспедицияға шыққан еді. Зерттеу нысаны болып энеолит дәуірінен қалған Ботай қонысындағы ескерткіш таңдалған.

Бұл сапар ҚР Ұлттық мұражайының ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастауы болды. Сонымен қатар тарих пен мәдениетіміздегі ескерткішті зерттеп қана қоймай, Қазақстан тарихы мен археологиясындағы ғылыми қызметкерлердің біліктілігін жетілдіруге де мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу