Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып Марат Құсайынов, ал Мәдина Әбілқасымова, Тимур Жақсылықов, Қайырбек Өскенбаев Ұлттық экономика вице-министрлері болып тағайындалды.
Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі - Жеңіс Қасымбек, ал вице-министрлер қызметін Асқар Жұмағалиев, Альберт Рау және Ерлан Сағадиев атқарады.
Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі қызметіне Ұзақбай Қарабалин тағайындалса, Талғат Ахсамбиев, Бақытжан Жақсалиев, Мағзұм Мырзағалиев вице-министрлер болды.
Қаржы министрлігінде Лена Кармазина вице-министр болып тағайындалды.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде бірінші вице-министрі – Салидат Қайырбекова, ал Светлана Жақыпова, Дәулет Арғындықов, Серікбол Мусинов вице-министрлер болып тағайындалды.
Мәдениет және спорт министрлігінде Марат Әзілханов, Асқар Бөрібаев және Тастанбек Есентаев вице-министрлер болып тағайындалды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ерлан Нысанбаев вице-министр қызметін атқарады.
www.primeminister.kz