Олардың қатарында математикалық бағыттағы №73 физика-техникалық лицейі (Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде, №50 көшесі), инклюзивті дәрежелі №74 жалпы-гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназиясы (Сарайшық көшесі), жалпы-гуманитарлық бағыттағы №75 мектеп-гимназия (Керей мен Жәнібек хандар көшесі аймағында, Орынбор, Еңбекшілер), сондай-ақ, №76 мектеп-лицейі (Түркістан көшесінің аймағында, Орынбор, Жәнібек-Керей хандар көшесі).
4 жаңа мектеп жалпы саны 4800 оқушыны қабылдауға дайын. Жыл сайын елордада жаңа тұрғын үйлер мен кешендер бой көтеруде. Әсіресе, құрылыс Есіл ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр.
Ал, жаңа білім беру мекемелерінің бой көтеруі, оқушылардың алысқа қатынамай үйлеріне жақын әрі ыңғайлы жерде орналасқан мектепке баруға сондай-ақ, сыныптардағы балалардың санын азайтуға мүмкіндік береді.