Елорда инфрақұрылымын дамытуға арналған жерлер тек Заң бойынша алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда инфрақұрылымын дамытуға арналған жерлер тек Заң бойынша алынады

13.08.2014
Елорда инфрақұрылымын дамытуға арналған жерлер тек Заң бойынша алынады

Астана қаласының мәслихат депутаттары мемлекет қажеттілігі үшін сатып алынатын жер телімдеріне қатысты мәселені талқылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мәслихаттың кезектен тыс отырысында жер учаскелерін сатып алу жөніндегі жобаны келісу немесе мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын жерлердің орнына басқа жылжымайтын мүлік қарастыру сынды мәселелер алдыңғы қатарға шығарылды.

Тұрақты комиссияның заң және құқықтық тәртіп жөніндегі төрағасының орынбасары Тимур Оразақовтың  мәлімдеуінше, келісілген жобалар  комиссияның тұрақты отырысында талқыланған. Оған  мемлекет қажеттілігіне өтетін жерлердің иелері  қатысты.

Ол қазіргі уақытта жер телімінің мемлекет қажеттілігіне өтетіні жөнінде ұсынылған 52 шарт бойынша жан-жақты келісімнің жүргізілгенін атап өтті. 

««Комсомольский» тұрғын алабындағы бұл жерлер балабақша, Есіл бойында саябақ салуға, жерүсті павильоны, Торайғыров пен Жангелдин көшелерінде жылу желісінің құрылысы үшін, автотұрақ құрылысын жобалауға, Есіл өзенінің арнасын абаттандырып қайта құруға, шағын айналма жол (Бейсекова көшесінің бесінші учаскесі) мен Ақан сері көшесінің құрылысы үшін пайдаланылмақ», - деді Тимур Оразақов.

Хабарламаларға жазылу