Астанада Спорт күнін мерекелеу аясында 40 жуық іс-шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Спорт күнін мерекелеу аясында 40 жуық іс-шара өтеді

13.08.2014
Астанада Спорт күнін мерекелеу аясында 40 жуық іс-шара өтеді

Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтетін Спорт күніне орай Астанада 40-тан астам іс-шара өтеді.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаланың үш ауданында  мерекелік жарыстар мен «Көңілді старт» жобасы 12 тамызда басталып кетті.

14 тамыз күні Пушкин көшесі 9 мекенжайында жалғасады.

Сонымен қатар, Көкталдағы Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде бірнеше спорт түрі бойынша қала біріншіліктері өтеді.

Қала қонақтары мен тұрғындары 14-17 тамызда Астана, Көкшетау, Атбасар командалары арасында матчтық кездесуді, 15-17 тамыз аралығында «Толқын» спорт кешенінде  бокстан 1999-2000 жылы туған балалар арасындағы  кездесуді тамашалай алады. 
 

Хабарламаларға жазылу