Каспаров пен Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясы президенттігіне таласады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспаров пен Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясы президенттігіне таласады

11.08.2014
Каспаров пен Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясы президенттігіне таласады

Шахматтан бұрынғы Әлем чемпионы Гарри Каспаров Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) президентінің орынтағына таласады.

Гарри Каспаровтың қарсыласы, шахмат федерацияның қазіргі басшысы – Кирсан Илюмжинов, деп жазады Қазақпарат.

ФИДЕ президентін сайлау дүйсенбі күні норвегиялық Тромседе осы ұйымның Бас Ассамблеясының бірінші жұмыс күнінде өтеді.

Кирсан Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясын 1995 жылдан бастап 19 жыл бойы басқарып келеді.

Халықаралық шахмат федерациясы 1924 жылы құрылған. 90 жылдың ішінде федерацияны алты-ақ адам басқарған. Атап айтқанда, Александр Рюб, Фольке Рогард, әлемнің экс-чемпионы Макс Эйве, Фридрик Олафссон, Флоренсио Кампоманес пен Кирсан Илюмжинов.

 

Хабарламаларға жазылу