Сәкен Майғазиев қызы Райанамен бірге «Әйел бақытында» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәкен Майғазиев қызы Райанамен бірге «Әйел бақытында» қонақта

11.08.2014
Сәкен Майғазиев қызы Райанамен бірге «Әйел бақытында» қонақта

Бүгінгі «Әйел бақыты» ток-шоуының қонағы «МузАРТ» тобының әншісі, продюсер Сәкен Майғазиев және 1 жасар қызы Райана болмақ.

Сәкен Майғазиев Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжін тәмамдаған. Ал, 2007 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім алған.

Отбасылық жағдайы: Үйленген, 1 ұлы және 1 қызы бар. Жұбайының есімі – Динара, ұлы - Әділет 1998 жылғы, қызы - Райана 2013 жылы дүниеге келген.

Жетістіктері:

1996 жылы Тараз қаласында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық фестивальдің дипломанты.

1997 жылы Республикалық «Жас қанат» байқауының «Алтын домбыра» иегері.

1998 жылы «Алматы – 98» фестивалінің І орын иегері.

2001 жылдан бастап «МузАРТ» тобының мүшесі атанды.

Бүгін, сағат 15:05-те «Әйел бақыты» ток-шоуын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу