Бүгін Иран астанасы Тегерандағы ұшақ апатынан 9 адам тірі қалды, деп хабарлайды Росбалт IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, ұшақта болған 9 адам тірі қалғаны айтылғанымен олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейінгі таратылған БАҚ хабарларында оқиғадан 40 адам қаза тапқаны, оның 7-еуі бала екені айтылған.
«Sepahan Airlines» әуекомпаниясына тиесілі Ан-140 ұшағы Табес қаласына бағыт алған.
Ұшақ Тегерандағы «Мехрабад» әуежайы маңында, ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң жерге құлады. Болжам бойынша, ақау ұшақ моторынан шыққан болуы мүмкін.