Жапонияда ғарыштық әскер құрылмақшы. 2009 жылы бұл ел әскери-ғарыштық бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр.
Popmech.ru сайтының мәлімдеуінше, ғарыштық әскердің негізгі міндеті – жерсеріктерін Жер орбитасындағы қалдықтардан қорғау.
Жаңа топты жасақтау үшін Жапонияның қорғаныс министрі әскери әуе күштерінің қызметкерлер құрамын пайдаланбақ.
Ғарыштық әскер елдің әуе-ғарыштық агенттігінің қолдауымен жеке обсерваториясын іске қосатын болады.