Таразда жасөспірімдердің ІІ жазғы ауыл спорты ойындары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жасөспірімдердің ІІ жазғы ауыл спорты ойындары басталды

08.08.2014
Таразда жасөспірімдердің  ІІ жазғы ауыл спорты ойындары  басталды

Тараз қаласында  Қазақстан Республикасы жасөспірімдерінің  ІІ жазғы ауыл спорты ойындары  басталды.

Жамбыл өңірінде салтанатты жағдайда ашылған ойынға еліміздің барлық аймағынан 1375 ауыл жасөспірімдері қатысуда.

Олар волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, Президенттік көп сайыс барлығы 9 спорт түрінен сынға түсіп, өзара жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтамақ.

Былтыр жасөспірімдер арасындағы ауылдық спорт ойындары әр қалада ұйымдастырлып келсе, биылғы бірінші рет Тараз қаласында өтіп жатыр, дейді Сәрсен Құранбек. 

Хабарламаларға жазылу