Өскеменнің орталық алаңында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 169 жыл толуына орай «Абай күні» атап өтілді. «Абай күнін» Шығыс Қазақстан облыстық басқармалар мен қала әкімдігі ақынның шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне, тарихқа деген құрмет пен қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырды.
Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар келер жылы да «Абай күні» дәстүрлі түрде атап өтілетінін айтты.
Сонымен қатар, өскемендіктерге арнап, жергілікті танымал әншілер ақынның әндерін орындады.
Өзге ұлт өкілдері арасында жыл сайын өткізілетін «Абай оқуы» байқауының жеңімпаздары ақынның өлеңдерін оқыды.