Либерияда «Эбола» безгегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Либерияда «Эбола» безгегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

07.08.2014
Либерияда «Эбола» безгегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Либерия президенті Элен Джонсон-Серлиф «Эбола» вирусының жайылуына байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

«Эбола» безгегі, сондай-ақ, Гвенияда, Сьерра-Леонда, Нигерияда өршіп тұр. Вирустан 930-дан астам адам қайтыс болған.

Бүгінгі таңда «Эбола» вирусына қарсы ешқандай вакцина жоқ. «Вирусқа қарсы зерттеу дәрілерін адамдарға сынап көру әлі ерте», - дейді АҚШ президенті Барак Обама.  Оның айтуынша, бұл проблеманы зерттеп жатқан ғалымдардың шешімін күту қажет.  

Хабарламаларға жазылу