Қазақ қызы Қытай фильмінде басты рөлде ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ қызы Қытай фильмінде басты рөлде ойнайды

07.08.2014
Қазақ қызы Қытай фильмінде басты рөлде ойнайды

Қытайда өнерін шыңдап жүрген қазақ қызы Риза Әлімжан кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танылып келеді. 

15 жасынан бастап, ең жас сәнбике ретінде танылып, «Ruili» журналының алғашқы беттеріне де бірнеше рет шыққан.  

Кинода «Соқыр кино», «Үлкен шайқас», «Сәттілік келе жатыр», «Жень Хуан Чуан ғибадатханасы» фильмдеріне түсіп, енді «Біз ғана білетін мекен» («Somewhere Only We Know») атты телетуындыда басты рөлді оңтүстіккореялық «EXO» тобының бұрынғы мүшесі Ву Ифанмен сомдамақ.

Фильмнің премьерасы келесі жылдың ақпан айына жоспарлануда, деп хабарлайды massaget.kz.

Хабарламаларға жазылу