Қазақстан ТМД кеңістігіндегі жағдайларға мұқият назар аударуы керек - Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ТМД кеңістігіндегі жағдайларға мұқият назар аударуы керек - Мемлекет басшысы

06.08.2014
Қазақстан ТМД кеңістігіндегі жағдайларға мұқият назар аударуы керек - Мемлекет басшысы

Үкіметтің алдағы  экономикалық саясаты бүгін тап болған тәуекелдерді шешуге негізделуі тиіс. Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

Жиын барысында Елбасы әлемдік экономиканың бүгінгі жағдайы мен ТМД кеңістігіндегі жағдайларға тоқтала келе, олардың өңірлік қана емес, жаһандық сипатта екенін, оған Қазақстан да мұқият назар аударуы керектігін атап өтті.

«Әрбір басшы, мейлі ол жергілікті жерде болсын, мейлі орталық органда болсын,  не істеу қажеттігін мұқият білуі керек. Алдағы уақытта Үкіметтің экономикалық саясаты бүгінгі тап болған тәуекелдерді шешуге негізделуі тиіс. Сондықтан да, біз шешімді ең алдымен ағымдағы экономикалық саясатты саралап, жаңа жағдайларды ескере келе қабылдауға тиіспіз», - деді Елбасы Н. Назарбаев.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу