Елордалық полицейлер автокөлік салонын тонауға машықтанғандарды қолға түсірді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
ІІД Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары қаладағы сауда орталықтарының бірінің маңында жүрген екі күдікті азаматты байқаған.
Нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері автомобиль салонын тонаған 29 және 30 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының азаматтары ұсталды.
Белгілі болғандай, олар автодабылды бұзу арқылы көліктегі ақша мен көлік иесінің жеке заттарын алған.
Қазір ұсталған азаматтар Астана қаласы ІІД уақытша қамау орталығына жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалды.
Олардың басқа да қылмысқа қатысы анықталуда.