М.Оңдағанов пен М.Жәкеновке қатысты жаңа сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Оңдағанов пен М.Жәкеновке қатысты жаңа сот үкімі шықты

03.08.2014
М.Оңдағанов пен М.Жәкеновке қатысты жаңа сот үкімі шықты

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов пен жоғары спорт шеберлігі мектебінің бұрынғы директоры Меңдіхан Жәкеновке қатысты қылмыстық істің үкімі жария болды.

Тергеу органдары М.Оңдағанов пен М.Жәкеновті ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және өңірде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырған, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ұйымдасқан топ құрып,170 миллионнан астам бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған М.Оңдағанов 12 жыл, М.Жәкенов 11 жыл, сондай-ақ, Қоныс Жетпісов пен Тұрарбек Бекарыстанов 8 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге сотталған болатын.

Ал, М.Оңдағанов пен М.Жәкеновке кейін қосымша эпизодтар бойынша айып тағылды. Яғни олар 2007-2008 жылдары бюджеттен 11 миллионнан астам теңге тағы ұрлаған. Бұл оқиға ол екеуінің бұрын айыпталған кезеңінде жасалғандықтан, жаза мерзімі өзгерген жоқ.

Хабарламаларға жазылу