«Шахтер» мен «Ертіс» тең ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахтер» мен «Ертіс» тең ойнады

03.08.2014
«Шахтер» мен «Ертіс» тең ойнады

Бүгін футболдан ел біріншілігінің 22-ші тур ойындары өтуде. «Шахтер» мен «Ертіс» футбол клубтарының арасында өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Алғашқы тайымда тең тарқасқан қос клуб, екінші тайымда төрт гол соқты.

Екінші тайымның 46-минутында «Ертіс» футболшысы  Евгений Дудченко есеп ашып, командасын алға шығарды. Арада 24 минут өткен соң Дудченко есепті еселей түсті. Ал, ойынның 82-ші минутында «Шахтер» клубының өкілі Топчагич гол соғып, есепті қысқартқан болса, 86-шы минутта Вичюс есепті теңестірді. Қорытынды есеп: 2:2.

Хабарламаларға жазылу