Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне «Бейнебақылау жүргізілуде» деген бірыңғай белгіні қосу жоспарлануда, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Біз ІІМ-мен бірге Жол қозғалысы ережелеріне белгі енгізу мәселесін пысықтаудамыз. Астана мен Алматы қалаларындағы жылдамдық өлшеуіштерде белгілер әртүрлі. ІІМ-мен бірлесе отырып - «Бейнебақылау жүргізілуде» деген белгі ойластырудамыз, оны көрген жүргізуші бейнетаспаға түсіріп жатқанын біледі және тәртіп бұзбауға тырысады. Бұл тәртіп бұзушылықтың алдын алуға оң септігін тигізеді», - деді «Астана Innovations» басқарма төрағасының орынбасары Досжан Досымқұлов.
Жол қауіпсіздік ережесіне енгізуге жоспарланып отырған белгі, жылдамдық өлшеу мен бірге бейнебақылау камераларында орнатылмақ.