«Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен басқарма басшысы болып Бағдат Мусин сайланды.
Біздің анықтама:
Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында туған. Алматы қаласы Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да бастаған. 2004-2008 жылдары ««AMANAT-insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ, 2007 жылы ҚР Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК бөлім басшысы, 2008-2010 жж. ҚР Әділет министрінің ақпараттық технологиялар бойынша кеңесшісі, Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2010-2011 жылдары Ақпараттық технологиялар бойынша мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары, 2011-2012 жж. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары, 2012 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
2014 жылдан бері «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқармасының төрағасы қызметінде болған.