Эфирде – «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эфирде – «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмі

02.08.2014
Эфирде – «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмі

Режиссер Мәжит Бегалин институт қабырғасында жүргенде-ақ Шоқан Уәлиханов туралы фильм түсіруді армандаған. Арманын жүзеге асыру мақсатында талай ізденіп, тер төкті. Бұл арманына әкесі Сапарғали Бегалиннің ықпалы мол болатын. Өйткені, жазушы Шоқан өмірі мен ғылыми жолын тыңғылықты зерделеп, зерттеген.

Мәжит Бегалин әке жұмысын, режиссер, кино тілінде сөйлетуді, бейнесін көрсетуді өзіне мақсат тұтты. Ғалымның сырға толы портретін, асқақ арманын «Шоқан Уәлиханов» фильмінен көріңіз.

Басты рөлдерде: Нұрмұхан Жантөрин, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков.

Бүгін, 17:50-де Ұлттық арнада.

Хабарламаларға жазылу