Даниялық теннисші Каролин Возняцки 2-ші қараша күні қайырымдылық үшін Нью-Йоркте жыл сайын өтетін марафонға қатысады, деп хабарлайды «Р-Спорт».
«Теннис кезінде маған қиын шақтарды еңсеруге көмектескен. Қазір мен өзімді жақсы сезінемін және басқаларға да жақсылық істегім келеді», - дейді теннисші.
Айта кетейік, Каролин Возцняцки марафон кезінде «Team for Kids» қайырымдылық ұйымының атынан жүгіреді. Оған дейін Каролин Возняцки ешқашан 18 шақырымнан артық жүгірмеген. Нью-Йорктегі марафонның қашықтығы - 42 шақырым 195 метр.
Қазіргі таңда 24 жастағы Каролин Возняцки әлемдік рейтингте 13-ші орында тұр.