«Сіз не дейсіз?» хабарында – Асанәлі Әшімов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Асанәлі Әшімов

02.08.2014
«Сіз не дейсіз?» хабарында – Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі. Оның кинодағы Бекежан («Қыз Жібек», 1971), Шадияров («Атаманның ақыры», 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет («Сарқырама», 1973), Қасымханов («Транссібір экспресі», 1977, Бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел («Нан дәмі»), Нұрғазы («Алатаудың ай мүйізі»), Қаражал («Жаушы», 1980), Шыңғыс хан («Бұлғар даласынан ескен жылы жел», 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті.

Театр сахнасында М.Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарас бай,   Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М.Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И.Вовнянконың  «Апатында» бас кейіпкер болды.

Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен бейнесі бір тума актердің күрделі жұмыстарының бірі. Бұл қойылымның 100-ден аса көрсетілімі аншлангпен өткен болатын.

«Мен өнердің адамымын. Менің алаңым, тұғырым, мінберім – сахна. Бар ойымды, өнерімді халық қол­даса, қол соқса, маған одан ар­тық сый­лық­тың керегі жоқ», деп өнерді жоғары биігіне балайтын тұлға бүгін 22.50-де «Сіз е дейсіз?» хабарында қонақта.

Хабарламаларға жазылу