Астанада тамыз айы жылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тамыз айы жылы болады

01.08.2014
Астанада тамыз айы жылы болады

Тамыз айында орташа температура +16 +22 С көрсетеді. Бұл туралы   «Астана қ. ГБО» аймақтық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды astana.kz. Алғашқы онкүндікте ауа райы бағаны +23,+28С дейін төмендейді, ал түнде +11 мен +16С көрсетеді.

Синоптиктердің болжауынша келесі онкүндікте күн ысып, ауа райы көрсеткіші +28, +33С дейін көтеріледі, ал түнде +16, +21С жылы болады. Тамыз айының соңғы онкүндігінде ауа температурасы сәл төмендеп +18,+23С  көрсетсе, кей жерде +28 ыстық болады.

Түнгі уақытта +13 +18С құрайды. Кейін термометр бағаны күндіз +25, +30С дейін көтеріледі, ал түнде +13,+18С көрсетеді. Айдың соңғы күндері күн райы салқындап +15,+20С көрсетсе, түнде +3,+8С дейін көтеріледі. Тіпті -2С дейін салқындауы да мүмкін. 

Айдың бірінші және үшінші онкүндігінде найзағайға ұласқан өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Сонымен бірге, солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20м/с дейін күшейеді. Ал ай ортасы мен соңында оңтүстік-батыс желі 15-20м/с дейін күшейеді. 

 

Хабарламаларға жазылу