Бүгін «Astana Marriot Hotel» алғашқы қонақтарын қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Astana Marriot Hotel» алғашқы қонақтарын қабылдайды

01.08.2014
Бүгін  «Astana Marriot Hotel» алғашқы қонақтарын қабылдайды

Бүгін елордадағы  «Astana Marriot Hotel» меймамханасы алғашқы қонақтарын қабылдайды.

«Marriot» брендінің стандарттарына сай салынған нысан сол жағалаудағы Достық көшесінде орналасқан.

28 қабатты мейманханада 271  бөлме, 6 әмбебап конференция залы, 3 мейрамхана мен денсаулық клубы бар.

 Қала көркін тамашалау үшін ғимараттың  төбесіне бар орналастырылған.

«Халықаралық деңгейдегі мейманхананың ашылуы - Астана туризмін дамытудың маңызды бөлігі. Ол шетел қонақтарының жиі келуіне және Астана мен еліміздің имиджін арттыруға оң ықпал етпек», деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу