Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына дайындық барысында Қазақстан жастар құрамасы (U-21) тамыз айының 9-13 күндер аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын барысында 12 тамыз күні Қырғыз елінің Олимпиадалық құрамасымен жолдастық кездесу өткізу жоспарланған, деп жазады ҚФФ ресми сайты.
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Саулюс Ширмялис жиынға 22 футболшыны шақырған:
Қақпашылар: Стас Покатилов («Шахтер»), Станислав Павлов («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы»), Марат Бутуев («Атырау»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Темірлан Әділханов, Берік Шаихов (екеуі де – «Жетісу»), Мақсат Әмірханов («Тараз»), Евгений Левин («Ақтөбе»);
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Қайрат»), Абзал Бейсебеков, Игорь Пикалкин, Георгий Жуков (бәрі – «Астана»), Илья Калинин («Қайсар»), Александр Ульшин («Оқжетпес»), Абылайхан Тотай («Жетісу»), Жақып Қожамберді («Тараз»);
Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай («Шахтер»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Максим Фильчаков («Ордабасы»), Виталий Ли («Қайрат»).
Тізімдегі футболшылар кейбір себептерге байланысты командадан тыс қалып жатса, олардың орындарына резервтегі ойыншылардың шақырылады:
Қорғаушылар: Кирилл Пасичник («Оқжетпес»), Григорий Сартаков («Ертіс»);
Жартылай қорғаушы: Рауан Сариев («Жетісу»);
Шабуылшы: Әлішер Сүлей («Тобыл»).