Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова.
«Бақтияр Артаевқа қатысты іс қылмыстық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылады», - деді ол.
Еске сала кетейiк, 29 маусым күнi Астана қаласының IIД-iне азаматша Айсұлу Ыбрашованың арызы түскен болатын. Онда ол түнгi клубтардың бiрiнде оны Олимпиада чемпионы, боксшы Бақтияр Артаев ұрғаны жөнiнде хабарлаған.