Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин НВО телеарнасымен жаңа эксклюзивті келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Allboxing.ru.
Геннадий Головкиннің командасы бұл келісімшартқа Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жек алдында қол қойған.
«Біз НВО телеарнасымен қарым-қатынасымызды әрі қарай жалғастыруды күтіп жүрдік. Олар Геннадийге көп қаражат жұмсады. Біздің ойымызша НВО – Головкиннің карьерасын тағы бір сатыға көтеру үшін керемет әріптес», - дейді қазақстандық боксшының промоутеры Том Леффлер.
Осы келісімшарт бойынша Геннадий кем дегенде 4 жекпе-жек (Гилмен болған жекпе-жек солардың алғашқысы) өткізуі тиіс. Осыған қоса АҚШ-тан басқа мемлекеттерде де жұдырықтасуға шарт жасалған.
Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін қыркүйек немесе қараша айында өткізуі мүмкін.