АҚШ-тың 43-ші президенті кіші Джордж Буш әкесі, Американың 41-ші президенті үлкен Джордж Буш туралы кітап жазып шықты. Кітап 2014 жылдың қараша айында оқырман қауымға ұсынылады.
«Джордж Герберт Уокер Буш - ұлы мемлекеттік қызметкер, саясаткер және әке. Оның өмір тарихын жазып шығу маған ұнады және оқырмандардың барлығына да ұнайды, деп ойлаймын», - дейді кіші Джордж Буш.
Кітапта президенттің өмірі мен қызметтік мансап жолы кеңінен қамтылған. Кітапты басып шығаратын Crown баспа үйінің ақпаратына сүйенсек, кітап 11 қарашада, АҚШ-тағы ардагерлер күнінде оқырманға ұсынылатын болады. 300 беттік кітаптың алғашқы таралымы 1 миллион дананы құрайды. Сонымен қатар, кітаптың аудио нұсқасы да жарыққа шықпақ.