«Арқада Бурабайға жер жетпейді...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арқада Бурабайға жер жетпейді...»

31.07.2014
«Арқада Бурабайға жер жетпейді...»

Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқан. Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы.

Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, тылсым бейнесі, қарағайлы орманы, бір-бірінен көлдері арқылы бөлініп жатқан қатпарлы жартастары, биік құз басындағы тастары мен шыңдары небір бейнені көз алдыңа елестетеді.

Бурабай ежелден өзінің бірегей де қайталанбас табиғатымен, емдік қасиеті бар климатымен, сонымен қатар, ежелгі бай тарихымен әйгілі.

Белгілі әнші, ақын, сазгерлер Біржан Қожағұлұлы, Ақан сері, атақ­ты палуан, әнші, композитор, ақын Нұрмағанбет Баймырзаұлы (Балуан Шолақ), халық композиторы, белгілі әнші Ыбырай Сандыбайұлы (Үкілі Ыбырай) т.б. Көкше өңірінде туып-өскен халық әншілері, ақындары бүкіл шығармашылығын Бурабайдың бауырында одан әрі өрістеткен.

Бүгін 18.15-те «Қазақстанның «жиырма кереметі» хабарынан абыз Бурабай жері туралы толыққанды мәлімет ала аласыздар.

Хабарламаларға жазылу