Ақмола облысында ата-аналарға арналған лагерь ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында ата-аналарға арналған лагерь ашылмақ

31.07.2014
Ақмола облысында ата-аналарға арналған лагерь ашылмақ

5-10 тамыз аралығында Ақмола облысы Зеренді қаласындағы «Зерен-Нұр» демалыс орталығында Қазақстанда алғаш рет аутизм дертімен ауыратын балаларды бағып отырған ата-аналарға арналған лагерь ашылмақ.

Жазғы лагерь «Бақытты бала» балалар қоры мен Астана қаласының Білім басқармасы Норвегия Корольдігі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Лагерьде ата-аналарға аутизм дертімен ауыратын балаларды қалай емдеу керектігі жөнінен тренингтер өткізіледі.

Дәрістерді Грузия, Украина және Ресейден келген мамандар жүргізеді.

Ал, өткізілген шара туралы медиа-брифинг 8 тамыз күні Астана қаласы әкімдігі және Норвегия Корольдігі елшілігі өкілдерінің қатысуымен өтпек.

Хабарламаларға жазылу