Теңгенің тұғырын нығайту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңгенің тұғырын нығайту керек

27.08.2015
Теңгенің тұғырын нығайту керек

Доллардан алшақтап, есеп-қисапты теңгемен жүзеге асырған дұрыс. Яғни, төл ақшамыздың айналымы кеңейсе, экономиканың еңсесі көтеріліп қалар еді. Бұл Тау-кен және металлургия кәсiпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовецтің пікірі.

Оның айтуынша, қазір мейлінше отандық өнімді қолдау керек. Өйткені, өзіміздің тауарды тұтыну арқылы жұмыс орындарын сақтауға үлес қосамыз. Бұл тұста ел Үкiметi  Түркия, Ресей, Бразилия сияқты елдердiң тәжiрибесiне сүйене отырып, iс-шаралар кешенiн әзiрлеуде. Солардың бiрi - табиғи монополиялардың бағасын өсiрмеу.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу