Павлодар облысында катодты мыс шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында катодты мыс шығарылады

28.07.2014
Павлодар облысында катодты мыс шығарылады

Биыл Павлодар облысы, Екібастұз ауданы «Аяқ-Қожан» кен орны аумағында катодты мыс шығаратын кәсіпорын іске қосылмақ. 

Жоба құны - 2,1 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.

Басқарма мәліметінше, аталмыш кәсіпорын облыста 2014 жылы іске қосылуға тиісті «Индустрияландыру картасына» кіретін 12 жобаның бірі. Өндірістік қуаттылығы жылына 3 мың тоннаны құрамақ. 

«Eurasia Copper Operating» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі басшысының орынбасары Асхат Майлиннің мәлімдеуінше, жоба құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталады.

 

ҚазТАГ

Хабарламаларға жазылу