Түрік кәсіпкерлері ОҚО-на 511 миллион доллар инвестиция салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік кәсіпкерлері ОҚО-на 511 миллион доллар инвестиция салмақ

28.07.2014
Түрік кәсіпкерлері ОҚО-на 511 миллион доллар инвестиция салмақ

Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері  Түркияның ірі кәсіпорындарымен 511 миллион доллар көлеміндегі келісімшартқа қол қойды.  200-ден астам инвестор Шымкент аумағындағы еркін экономикалық аймақтың шарттарына қызыққан.

«Бізге Оңтүстік Қазақстан облысындағы бизнеске жасалған жағдай ұнап отыр.  Әсіресе, салық салу жүйесі. Мен бұл жерден кәсіп ашқым келеді»,-дейді аяқ киім компаниясының өкілі Хакан Демиржи.

Бизнес-серіктес табу мақсатында оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Түркияның Измир, Дэнизли қалаларына барды. Сапар нәтижесінде көлік құрастыру, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп  салалары бойынша, 30-дан астам  ірі бизнес-жобаға қол қойылды.

«Біз ірі деген кәсіпорындардың өкілдерімен кездестік. Олардың жұмысымен таныстық. Бізге текстильді өнім саласы ұнады. Менің ойымша, кешенді текстильді фабрикасын  Қазақстанның оңтүстігінде ашу оңтайлы болар еді. Себебі, біздің аймақта бұл үшін барлық жағдай жасалған»,-дейді «Оңтүстік» еркін экономикалық аймақ басқармасының өкілі Марат Телғозы.

Түрік инвесторлары оңтүстік аймақта үш қонақүй кешені мен тұрмыстық техника шығаратын зауыт ашпақ ниетте.

 

Хабарламаларға жазылу