«Барыс» - «Давос» матчының уақыты белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» - «Давос» матчының уақыты белгілі болды

26.07.2014
«Барыс»  -  «Давос»  матчының  уақыты  белгілі  болды

Астаналық  «Барыс»  пен  швейцариялық  «Давос»  матчының  уақыты белгілі болды.  Бұл  туралы  «Барыс»  хоккей клубының  ресми  сайты хабарлайды.

Швейцарияда  оқу-жаттығу  жиынында  «Барыс»  клубы  жергілікті  «Давос»  командасымен  екі  жолдастық  кездесу өткізеді.  «Давос»  командасы  - Швейцарияның  бірнеше  дүркін  чемпионы,  «Шпенглер»  кубогының  15 - дүркін  жеңімпазы.

Бірінші  ойын  31-ші  шілде,  Давос  қаласында  Астана  уақыты  бойынша сағат  00:00  басталады.  Екінші  кездесу 3-ші  тамыз  күні,  Сурси  қаласында  өтеді.  Ойынның  басталу  уақыты  -  20:00.

Айта  кетейік,  «Барыс»  Құрлықтық  хоккей  лигасының  жаңа  маусымындағы  алғашқы  ойынын  4 қыркүйек  күні  Астанада  уфалық  «Салават  Юлаевпен»  өткізеді.

Естеріңізге  сала  кетейік,  «Барыс»  ҚХЛ-2013/2014  қорытындысы  бойынша жетінші  орынға  ие  болды.

Хабарламаларға жазылу