Беларусь елінің сандық телехабар тарату шарасының аяқталуына 10 ай қалды. Мемлекет сандық телеарнаға 2015 жылдың 15-ші мамырында көшуді жоспарлап отыр.
15-ші мамырдан бастап Колодищадағы 10 нысан хабар таратуын тоқтатады. Бұл туралы Беларусь елінің Байланыс және ақпарат министрлігінің Радиобайланыс басқармасының басшысы Павел Петрулевич хабарлады.
«Аумақтық радиобайланыс конференциясының сандық хабар таратуды жоспарлауға байланысты соңғы хабар таратуды 2015 жылдың 17-ші маусымында тоқтату керек», - деді Павел Петрулевич.
Беларусь сандық хабар таратуға мемлекеттік сандық теле және радио хабар тарату бағдарламасының аясында көшуде. Аталған бағдарлама бойынша Беларусьта 74 сандық тележелі жүйесі құрылған. Бұл халықтың 95,51 пайызы тұратын аумақты телехабармен қамтамасыз етеді.