Тайваньда волейболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан соңғы ойында Шри-Ланка құрамасын ұтып, 7-ші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ал, Азия чемпионатында Қытай волейболшылары жеңіске жетті. Олар финалда Жапония құрамасын ұтты. Қола медальды Оңтүстік Корея иемденді.
Қазақстан құрамасынан жоғары Таиланд, Тайвань және Үндістан волейболшылары орналасты. Бұл Азия чемпионатында барлығы 15 команда бақ сынасты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Сабина Алтынбекова осы Азия чемпионатының «жұлдызына» айналды. Ол осы жарыстың ең сұлу аруы танылды.