Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес, шәкіртінің кездесуді ұзаққа созбайтынын айтады.
«Орта салмақтағы боксшылардың ешбірі Геннадий Головкиннің қарқынына шыдап бере алмайды. Ешкім шаршы алаңда 12 раунд бойы Геннадийге қарсы тұра алмайды. Бұлардың қатарында Дэниэл Гил де бар», - дейді Абель Санчес.
Естеріңізге сала кетейік, 27-ші шілде күні өтетін Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.