«Air Algerie» әуе компаниясы Буркина-Фасо астанасы - Уагадугу қаласынан Алжирге ұшып шыққан өзіне тиесілі ұшақпен байланысты жоғалтып алды.
«Algerie Press Service» агенттігінің хабарлауынша, әуе бақылау қызметі ұшақ көкке көтерілгеннен кейін 50 минуттан соң байланысты жоғалтқан.
«Air Algerie» - Алжирдің ұлттық әуе тасымалдаушы компаниясы. Компания Еуропа, Солтүстік Америка, Африка және Орта Шығыс елдері бойынша 39 қалаға қатынайды.
Әуе компаниясына тиесілі ұшаққа қатысты соңғы оқиға 2003 жылдың 6 наурызында тіркелген. «Boeing-737» ұшағы Алжирдің Таманрассет қаласындағы әуежайдан ұшып шыққан сәтте апатқа ұшыраған еді. Ол кезде бортта барлығы 103 адам болған. Тек 1 жолаушы ғана аман қалды.