Кәсіпқой бокстан IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, австралиялық Сэм Солиман отандасы Дэниэл Гилдің қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңу мүмкін екенін айтады.
«Головкин жекпе-жекте бірінші нөмірмен шығады. Егер, Геннадий кездесу ырқын Гилге беріп қойса, онда қазақстандық боксшыға жеңіске жету қиынға соғады. Бұл Гилге де қатысты. Меніңше, жекпе-жек 12 раунд жалғасып, Гилдің жеңісімен аяқталады», - дейді Сэм Солиман.
Айта кетейік, 40 жастағы Әлем чемпионы Дэниэл Гилдің спаринг қарсыласы болған. Олар 200 раундтан астам спаринг өткізген.