«Теди-Плей» шырын сусыны мен бірнеше ресейлік сүт өнімдері стандартқа сай болмай шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Теди-Плей» шырын сусыны мен бірнеше ресейлік сүт өнімдері стандартқа сай болмай шықты

21.07.2014
«Теди-Плей» шырын сусыны мен бірнеше ресейлік сүт өнімдері стандартқа сай болмай шықты

ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің айтуынша, «Теди-Плей» шырын сусыны мен бірнеше ресейлік сүт өнімдері стандартқа сай болмай шыққан. Агенттік мамандарының көрсетуінше, «Теди-Плей» шырыны Кедендік одақтың техникалық регламент талаптарына сай емес болып шыққан. Бұл өнімдерге «Особый» сүзбесі, «Молоко сгущенное» сүт өнімі, өндіруші ИП «Вольнов А.Л.» РФ өндірген «Натур Пломбир», «СССР» балмұздақтары жатады. «Ішек таяқшалары адамның асқазан-ішек жолдарына зақым келтіріп, улануға, дисбактериоз дертіне шалдығуға әкеп соқтырады. Әсіресе, мұндай бактерияларға балалардың ағзасы әлсіз келеді», деп мәлімдеді агенттік өкілдері.

Хабарламаларға жазылу