«Астана» велокомандасындағы италиялық спортшы Винченцо Нибали «Тур де Франс» суперкөпкүндігінің 13-ші кезеңінде жеңіске жетті.
Қазақстандық команданың капитаны бұл кезеңде «Saxo-Tinkoff» командасынан поляк Рафал Майканы және «NetApp-Endura» шабандозы чех Леопольд Кёнигті арта тастады.
Нибали басты есепте көш бастап келеді, екінші орынға «Movistarдан» испандық Алехандро Вальверде шықты, үшінші орында - AG2R командасынан француз Роман Барде.
«Тур де Франс»
13-ші кезең. Сент-Этьен - Шанрус, Франция
197,5 км.
1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 5:12:29
2. Рафал Майка (Польша, «Saxo-Tinkoff») - +0:10
3. Леопольд Кёниг (Чехия, «NetApp-Endura») - +0:11
Жалпы есеп:
1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 56:44:03
2. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») - +3:37.
3. Роман Барде (Франция, AG2R) - +4:24.