19 және 20 шілдеде Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесінде нарықтық бағадан төмен бағамен азық-түліктер сатылады. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.
Жәрмеңке (19-20 шілдеде) сағат 10.00-де Абылай хан даңғылы, 24 («Бакалея» дүкенінің жанында) және Жеңіс даңғылы, 55 («Мерей» базарының жанында) мекенжайларында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде Астана қаласының азық-түлік белдеуі аймағының өнімдері, сондай-ақ, жергілікті дистрибьюторлардың өнімдері сатылады. Көкөністерді, ет, шұжық өнімдерін, сүт өнімдерін арзан бағамен сатып алуға болады.