17 шілде күні Астанадағы «Rixos President Astana» қонақүйінде «ТМД-дағы жастар: статистикалық портрет» атты статистикалық жинақтың тұсаукесері өтпек.
Жинақта жастарға қатысты ең маңызды мәселелер қамтылған. Олардың қатарында демография, көші-қон, денсаулық, білім, жұмыспен қамту бар.
Жинақ турасында БҰҰ Орталық Азия елдеріндегі халық жағдайына қатысты қор кеңсесінің суб-аймақтық директоры, ҚР ЮНФПА кеңсесінің директоры Николай Ботев, ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Жарқынбаев, ТМД Халықаралық статистика комитеті, әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасының басшысы Ирина Збарская әңгімелейді.
Шараны ұйымдастырушы БҰҰ Шығыс Европа және Орталық Азия елдеріндегі халық жағдайына қатысты қордың аймақтық кеңсесі, ТМД Халықаралық статистика комитеті және ҚР Статистика агенттігі.