Қазақстандық спортшылар елордалық фитнес-клубтарда шеберлік сағаттарын өткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылар елордалық фитнес-клубтарда шеберлік сағаттарын өткізбек

16.07.2014
Қазақстандық  спортшылар елордалық  фитнес-клубтарда шеберлік сағаттарын өткізбек

Халықты спортпен шұғылдануға тарту мақсатында екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің қатысуымен «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы мен «World Class» фитнес-клубтар желісі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

Ынтымақтастық аясында арнайы бағдарлама әзірленіп, қазақстандық белгілі спортшылар аталған фитнес-клубтар желісіне келушілерге шеберлік сағаттарын өткізбек, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Қазіргі кезде елордада 30-дан астам фитнес-клуб және бірқатар спорттық секция мен тренажер залы бар. 

Хабарламаларға жазылу