Германия – Әлем чемпионы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия – Әлем чемпионы

14.07.2014
Германия – Әлем чемпионы

Футболдан Әлем чемпионатының финалында Германия құрамасы Аргентина футболшыларын 1:0 есебімен ұтты. Ойындағы жалғыз голды овертаймда жартылай қорғаушы Марио Гетце соқты.

Германия құрамасы осымен төрт дүркін Әлем чемпионы (1954, 1974, 1990, 2014) атанды.

Айта кетейік,  Германия футболшылары Оңтүстік Америка құрлығында өткізілген Әлем чемпионатында жеңіске жеткен алғашқы еуропалық құрама болды.

Футболдан Әлем чемпионаты - 2014

Финал

Германия – Аргентина – 1:0 (0:0, 0:0, 1:0).

Гол: Гетце, 113.

Германия: Нойер, Лам, Хуммельс, Боатенг, Хеведес, Мюллер, Швайнштайгер, Кроос, Крамер (Шюррле, 31), Езил (Мертесакер, 120), Клозе (Гетце, 88).

Аргентина: Ромеро, Сабалета, Гарай, Демикелис, Рохо, Перес (Гаго, 86), Маскерано, Билья, Месси, Лавесси (Агуэро, 46), Игуаин (Паласио, 78).

Ескерту алғандар: Швайнштайгер, 29. Хеведес, 34. Маскерано, 64. Агуэро, 65.

Төрешілер: Риццоли, Фаверани, Стефани (барлығы – Италия).

13 шілде. Рио-де-Жанейро. «Маракана» стадионы.

Хабарламаларға жазылу