Германия мен Аргентина Әлем чемпионатының финалында кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия мен Аргентина Әлем чемпионатының финалында кездеседі

13.07.2014
Германия мен Аргентина Әлем чемпионатының финалында кездеседі

Футболдан Әлем чемпионаты аяқталуға жақындады. Бүгін Бразилияда шешуші ойында Германия және Аргентина құрамалары кездеседі. 

Матчты, сонымен қатар Әлем чемпионатының жабылу салтанатын, тікелей эфирде «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары көрсетеді. Трансляция 01.00-де басталады.

Германия мен Аргентина құрамалары осыған дейін 20 рет кездескен. Неміс футболшылары алты ойында жеңіске жетсе, аргентиналықтар 9 рет жеңімпаз атанған. Бес рет командалар тең түскен.

 

Хабарламаларға жазылу