Қарбыздар маусым айында саудаға түседі және сонысымен олар қауіпті. Бұл жағдайда нитраттармен улану мүмкіндігі артады. Бұл туралы Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті хабарлады, деп мәлімдеді astana.kz.
«Ең жылдам» пісетін сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай өнеді. Жақсы қарбыздарды алудың қолайлы уақыты – тамыз айының соңынан бастап қазан айына дейін. Бұл уақытта бақшалық дақылдар табиғи өнеді.
Қарбызбен уланудың бірінші белгілері: шаршаудың жоғарылауы, бастың қатты ауыруы, жүрек айну, құсу және іштің өтуі. Кейбір жағдайларда дене қызуы көтеріледі, дірілдеу және буындардың сырқырауы болады.
Бір жасқа дейінгі балалар улануға бейім келеді. Бала емізетін аналарға қарбызды байқап жеу қажет.