Өнер қонған ауыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнер қонған ауыл

09.07.2014
Өнер қонған ауыл

1990 жылдары Ұлы Жібек жолы басып өтетін Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Шарапхана елді мекенінде құрылған «Алтаевтар» отбасылық ансамблі туралы сол жылдары республикалық баспасөз беттерінде жиі жарияланды.

Ансамбльге үйдің үлкені Мұхтар Алтаев жетекшілік етті.  Інілері Асқар, Сапар, Өктем қостап, аналары Сараның көмегімен ансамбль құрылған болатын.

Өнерге өмірлерін арнап жүрген ансамбльдердің бірі – Дәрібаевтар ансамблі. Ансамбль 1990 жылдары Шымкент қаласында құрылған.

Ал Темірбаевтар ансамблі халық әндерін жинаушы ретінде белгілі. Ансамбль бағдарламасындағы халық әндерінің көпшілігі бала тәрбиесіне бағытталады.

Халық арасында өнер иелерінің барлығы Алматы және Астана қалаларында шоғырланған деген пікірді теріске шығарған отбасылық ансамбльдер турасында бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» бағдарламасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу