Ақмола облысы Бурабай ауданындағы жазғы демалыс лагерьлерінің бірінде 9 жасар қыз жұқпалы ішек ауруынан қайтыс болды.
Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының басшысы Қайыр Әбдрахманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қатаркөлдегі балалар лагерінің бірінде демалып жатқан қыз облыстық емдеу мекемесіне Бурабай аудандық ауруханасынан жеткізілген.
«Бала бізге өте ауыр жағдай жеткізілді. Жұқпалы ішек ауруы деген диагноз қойдық. Дерті асқынып кеткен. Ішкі құрылысы органдарының жұмысы нашарлаған. Қолдан келгенше баланың өмірін сақтап қалуға тырыстық», дейді аурухана басшысы.