Ақсақалдар ақылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсақалдар ақылы

08.07.2014
Ақсақалдар ақылы

«Есік алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атың ғой, ауылыңда қарияң болса, жазулы тұрған хатың ғой», деген бар қазақта. Жасы үлкендердің өмірден көргені де, тұрмыстан түйгені де көп. Өмірлік тәжірибесі мен тағылымы да мол, тыңдай білер құлаққа құйып алар ақылы да аз емес.

Қазақ ауылдарында осындай қариясын құрметтеп, үлкенін үлгі тұтар қазақы үрдіс әлі де жоғалған жоқ.  Қарттар замана ағымына қарай өзінің қоғамдық орнын үнемі белгілеп отырады. Жер-жердегі ақсақалдар алқасы бұрынғы төбе бидің қызметін атқаруда.

Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» әр ауылдағы ақсақалдар кеңесінің жұмысы жөнінде ой өрбітпек.

Хабарламаларға жазылу